2021 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама қорытындылары бойынша талдау анықтамасы «Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2021 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама қорытындылары бойынша талдау анықтамасы

 

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізу нысаны: Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі.

  1.   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 жылғы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына»  сәйкес, аудандық жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобымен анықталды.

 Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі шығарған 23 ақпан 2021 жылғы № 14 шешімдегі көрсетілген 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығын ҚР Үкіметінің қаулысы деп жазған. 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 29 шешімі мен 22 сәуірдегі № 33 шешімдерінде Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментіне тіркелген шешімі жоқ екендігі анықталды.

        Ауылдық округ әкімішілігінің қызметіне қатысы бар, іс-қызметін реттейтін мемлекеттік органдардың ережелерін, нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерді (ережелерді) зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

        Ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде 2021 жылда келесі бағыттарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізілді.

1). Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы:

2021 жылға  Ақжар ауылдық округі әкімінің аппаратында  штат саны 9 адам, нақты жұмыс істейтіндер саны 8 адам, оның  ішінде өз еркімен жұмыстан босатылғандар жоқ, жоғарғы лауазымға  ауысқаны жоқ, зейнеткерлікке шыққандар жоқ, теріс себептер бойынша жұмыстан босатылғандар–жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар жоқ. Барлық қызметкерлер  атқарылып отырған лауазымның біліктілік талаптарына  сәйкес келеді. Тәртіптік комиссияның  құрамы заңға сәйкес  бекітілген. Барлық  қызметкерлердің  оқу, біліктілікті арттыру мерзімдері мен тәртібі сақталып отырылады. Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды  жұмысқа қабылдау фактісі орын алмаған.

         2).Мемлекеттік қызмет көрсету.

Аудан әкімінің аппаратына бағынысты Ақжар ауылдық округі әкімінің аппаратында  мемлекеттік қызметтің 1 түрі  көрсетіледі- қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру. 2021 жылда 2285 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін сақтамау бойынша кемшіліктер болған жоқ, қызмет алушылардан қызмет көрсетушілердің іс-қызметтеріне арыз түскен жоқ. Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметті сапалы  көрсету  үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар бар, шақырту батырмалары, баннерлер, мемлекеттік қызмет көрсетудің тізбесі  көрсетілген  ақпараттық стендтер ілінген (стандарттар, регламенттер, бекітілген жауапты мемлекеттік қызметшілердің аты-жөні және телефон нөмірлері, күту орындары, құжаттарды толтыру үшін үстелдер, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін өтініштердің үлгілері, кеңсе тауарлары). Халыққа мемлекеттік қызметті уақытында және сапалы көрсету үшін ауылдық округ әкімінің өкімімен жауапты маман А. Тлеубекова бекітілді. Жауапты маман қазіргі заман талабына сай  компьютерлік техникамен жабдықталған. 3) Зерттелген кезеңнің өтініштерін талдау сыбайлас жемқорлық тақырыбына жататын өтініштер жоқ екендігін көрсетеді. 2021 жылда  базаға түскен заңды тұлға 0, жеке тұлға 10- жазбаша, ауызша өтініш  тіркелмеген. Өтініштердің көбі шабындық жер учаскесін бөлу және жұмыс сұрау мәселелерін шешуді қозғайды. Аталған өтініштер уақытында  қаралып, қанағаттандырылды. Жеке және заңды  тұлғалар өтініштерінің  есебі ЕСЭДО есепке  алынатындықтан, жазбаша  жүгінген тұлғаларға  бірегей  нөмірі  бар талон беріледі. Округ әкімінің  бекітілген кестесіне сәйкес жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі.

4).Мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұқаралық аппарат құралдарында жарияланған теріс материалдарға тұрақты  мониторинг жүргізіліп отырылады.Зерттелген кезеңде  округ әкімінің атына  жазылған теріс сипаттағы материалдар болған жоқ.

5).Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ.

6).Сот актілері болған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, ауылдық округ әкімшілігінің қызметіне қатысты заңдарды түсіндіру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысу, ауылдық округі әкімшілігінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша бұқаралақ ақпарат құралдарында жарияланған теріс материалдарға қатысты әрекет ету мониторингі, ауылдық округ әкімшілігінің қызметі туралы ақпаратты аудан әкімдігінің сайтында орналастыруды қамтамасыз ету қарастырылды.

Жоғарыда аталған негізде жұмыс тобы ауылдық округ әкімшілігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ деген шешімге келді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуды насихаттау бойынша  тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынды.

 

Аудан әкімі аппаратының заң және

мемлекеттік –құқықтық бөлімінің басшысы                                 Д. Жанат

2021 жылдың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі сараптама қорытындылары бойынша талдау анықтамасы «Ақжар ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Дата публикации
13 мая 2021