Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» № 787 қаулысына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсан аралығында туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесінің құны 0 (нөл) пайызға бекітілсін. 2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі