Тарбағатай аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

 ҚАУЛЫ

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

Тарбагатайская районная территориальная избирательная комиссия  Восточно-Казахстанской области

 

071500, Шығыс Қазақстан облысы,

Тарбағатай  ауданы, Ақсуат  ауылы,

Ы.Кабеков к., 19

тел.8(72346)21074

e-mail: tarbagatay.tik@mail.ru

 

 

071500, Восточно-Казахстанская область, Тарбагатайский  район, село Аксуат,

ул. Ы.Кабекова, 19

тел.8(72346)21074

                          e-mail: tarbagatay.tik@mail.ru

 

20 желтоқсан 2021 жыл                                                              Ақсуат ауылы

 

 

Тарбағатай аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 20-бабы 3-тармағы, 4-тармақшасына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихат депутаты Ж.К.Мухамадиеваның қайтыс болуына байланысты Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Nur Otan» қоғамдық бірлестігінің саяси партиясының өкілі Тарбағатай аудандық маслихат депутаты  Мухамадиева Жанна Кадировнаның қайтыс болуына байланысты мерзімінен  бұрын босатылсын.
  2. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 111-1 бабы 6-тармағына сәйкес депутат мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқталуына байланысты оның мандаты «Nur Otan» қоғамдық бірлестігінің саяси партиясының тiзiміне енгiзiлген кандидаттардың арасынан партия филиалы басшысының ұсынысы бойынша келесі кандидат ұсынылады.
  3. Осы қаулының көшірмесі Тарбағатай аудандық мәслихатына және «Nur Otan» қоғамдық бірлестігінің саяси партиясына жіберілсін.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                      Ғ.Закариянов                             

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                        Қ.Нұрбаев

 

Ақсуат ауылы 

2021 жыл 20 желтоқсан

№ 15

 

Тарбағатай аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Дата публикации
23 декабря 2021