Тарбағатай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
Шешім №11
03.07.2021 жыл Ақсуат ауылы
Учаскелік сайлау комиссия құрамына өзгеріс енгізу туралы
№917 және №935 учаскелік сайлау комиссиясы құрамдарынан шыққан комиссия мүшелерінің өтініштерін қарай келе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 19-бабының 8 тармағына сәйкес № 917 учаскелік сайлау комиссиясы құрамынан шыққан Амренов Қайрат Айткалиевичтің орнына Рахметов Бейсенбек Кыдырмолдинович; №935 учаскелік сайлау комиссиясы құрамынан шыққан Баламурзин Айдын Болатбекович орнына Нурсафина Куралай Жексембаевна аудандық мәслихаттың сессиясына дейін учаскелік комиссия мүшелері болып тағайындалсын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ғ.Закариянов
Хатшысы Қ.Нұрбаев