Оқу семинары өткізілді
2021 жылғы 12-16 шілде аралығында Тарбағатай ауданы бойынша учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оқыту семинары болып өтті. Оқыту семинарын арнайы сертификатталған Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының тренерлері өткізді.