Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 672 «Тарбағатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

        

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 672 «Тарбағатай ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7191 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
12 июля 2021