Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясының ақпараты
Ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсыну қорытындылары туралы
2021 жылдың 9 шілдесінде, сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша, барлығы 4 сайлау округінде 12 кандидат, оның ішінде 4 кандидат (33,3%) - саяси партиялармен, 8 кандидат (66,7%)- өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды. 4 сайлау округі бойынша: "Nur Otan" партиясы 4 кандидат ұсынды. Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады. Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, олар 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде 3 адамнан ұсынылды. Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады. Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 12 кандидат тіркелді (100%).
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланатын болады.