2021 жылғы 07 шілдеде сағат 16-00-де Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес әкімдікке кандидаттардың келіп түскен құжаттары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы шешім қабылданды:
Ақсуат ауылдық округі – Қожахмет Есет Сансызбайұлы; Мырзабекова Жадыра Бейсембекқызы
Жетіарал ауылдық округі – Вакасов Мейрамбек Сейтбекұлы; Қалмақбаев Ренат Қайырғазыұлы
Қарасу ауылдық округі – Тоқтасынов Айболат Боранбайұлы; Мұқышев Мират Асқарғалиұлы.
Маңырақ ауылдық округі – Мүліков Сержан Бекенұлы; Қасымжанов Әсет Кәкенұлы
Тіркелген Әкімдікке кандидаттарға тиісті куәліктер беру;
Тіркелген әкімдікке кандидаттарды сайлау бюллетеньдеріне енгізсін.
Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы