«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 123 - бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 - бабы 2-тармағына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                     10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 382 қаулысына сәйкес, «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркін ерекше күзетуді және қорғауды қамтамасыз ету үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар;

1) Шығыс Қазақстан облысы Үржар, Аягөз, Тарбағатай аудандарының аумағындағы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің

(бұдан әрі – Парк) қорғау аймағы жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер телімдерін алып қоюсыз, ені кемінде 2 километр болып;

2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Паркті қорғау аймағының өлшемдері мен шекаралары;

3) Паркті қорғау аймағының аумағында қорғау және пайдалану режимі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына сәйкес белгіленсін.

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары

Е.А. Нұрбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі

 

Д. Ахметов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы Экология, геология

және табиғи ресурстар министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар

дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан

облыстық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының

басшысы

_________________ Д. Оразбаев

2021 жылғы «____» ___________

 

 

 

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2021 жылғы «__» ______

    №___ қаулысына

қосымша

 

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағының өлшемдері мен шекаралары

Қорғау аймағының жалпы ауданы – 267 431,5280 гектар.

    1. Үржар, Аягөз және Тарбағатай аудандарының жерлерінде қорғау аймағы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің шекарасы бойында ені кемінде 2 километр тұтас жолақпен орналасқан.
  1.  Қорғау аймағына: «Тарбағатай таулары» учаскесіндегі 176 471,23 га жерлер, оның ішінде Үржар ауданының аумағында – 143 682,73 га, оның: жер пайдаланушылармен қамтылғаны – 119 510,28 га, босалқы жерлер – 17 706,77 га, елді мекендердің жерлері – 6 465,68 га, Аягөз ауданының аумағында – 11 668 га, оның ішінде: жер пайдаланушылармен қамтылғаны – 5 793,1 га, босалқы жерлер – 5 875,5 га, Тарбағатай ауданының аумағында – 21 119,9 га, оның: жер пайдаланушылармен қамтылғаны – 12 381,2 га, босалқы жерлер – 8 323,5 га, елді мекендердің жерлері – 415,2 га кіреді.
Дата публикации
28 июня 2021