Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Заңғар-Н» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18маусымдағы № 327 ұсынысы негізінде Сәтпаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Заңғар-Н»шаруа қожалығының мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шекте іс-шаралары белгіленсін.

2. «Сәтпаев ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сәтпаев ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
30 июня 2021