Суға түскенде абай болайық,қауіпсіздік ережелерін сақтайық.

Жаздың ыстығында күнге және ыстық құмға қыздырыну, салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. Су сенің досың және дұшпаның. 

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін,Тарбағатай ауданың ТЖБ  төмендегі ережелерді орындаған жөн екендігін ескертеді: 

  1. Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары 
    - Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз. 
    - Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз. 
    - Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар. 
    - Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз. 
    - Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз. 
    - Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз. 
    - Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар. 
Дата публикации
30 июня 2021