Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Тарбағатай ауданы ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  4-тармағы, 6) тармақшасына және 21-22 баптарына сәйкес Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тарбағатай ауданы аумағының шекарасында төмендегі ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтері құрылсын:

         1) Ақсуат ауылдық округінің әкімі - Ақсуат сайлау округі Ақсуат ауылының  шекарасында

         2)  Жетіарал ауылдық округінің әкімі - Жетіарал сайлау округі Жетіарал ауылдық округінің  шекарасында

         3) Қарасу ауылдық округінің әкімі - Қарасу сайлау округі Қарасу ауылдық округінің  шекарасында

         4) Маңырақ ауылдық округінің әкімі - Маңырақ сайлау округі Маңырақ ауылдық округінің  шекарасында

2.Сайлау округтарының құрамын, орналысқан жерін, шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып Тарбағатай ауданы әкімінің интернет-сайтына орналастырылсын және аудандық «Тарбағатай» газетіне жариялансын.

 

 

Сайлау комиссиясының төрағасы                                        Ғ.Закариянов

 

         Сайлау комиссиясының хатшысы                                   Қ.Нұрбаев

 

 

 

Ақсуат ауылы

25 маусым 2021 ж.

№ 7

Дата публикации
25 июня 2021