Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 6-6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Рес публикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 11 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі

№6-6 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4732 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2016 жылғы 15 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2- тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«3) өтінішті қабылдау, құжаттар тізімі және нәтижесін беру «Әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан  Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидасына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелді) жүзеге асырылады.

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 мамырдан бастап туындалған құқықтық қатынастарға таратылады.

 

Дата публикации
21 июня 2021