Хабарландыру!

2021 жылдың маусым айының соңғы және шілде айының алғашқы онкүндігі арасында Екпін, Құмкөл, Ойшілік, Сатпаев, Қабанбай, Қарасу  ауылдық округтерінің ауылшаруашылық жерлеріне өсімдіктердің аса қауіпті зиянкестері жемір шегірткелерге қарсы химиялық жолмен (пестицидтермен) күрес жұм Корыстарының жүргізілетінін ескертеміз.

Өңделетін жер учаскелерінің координаттары ауылдық округ әкімдері арқылы хабарланатын болады. Улы химикаттар (пестицидтер) қолданылған жерлерге 1 (бір) ай мерзімінде малдардың жайылуына, адамдардың баруына тиым салынады. Улы химикаттар (пестицидтер) қолданылған жерлерден сақ болыңыздар.

Дата публикации
08 июня 2021