Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №65-4 «Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тарбағатай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №65-4 «Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешімінің 1-ші қосымшасына толықтыру енгізілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Сессия төрағасы

Т.А.Ә.

Тарбағатай аудандық мәслихат хатшысы

 А. Боғырбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарбағатай аудандық  мәслихатының 
2021 жылғы____________
______________ шешіміне қосымша 1

 

Тарбағатай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары

 

 

р/с
№

Арнайы орын

Шекті толу
нормасы

1.

Ақсуат ауылы, Самархан және Байыс баба көшелерінің қиылысындағы Молдабай балуан көшесінің бойы

70 адамнан
артық емес

2.

Абылайхан көшесінің бойындағы «Мәңгілік ел» алаңы

70 адамнан
артық емес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 июня 2021