Telegram-да боттарды жасауға арналған платформа пайда болғаннан бері мессенджер түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды. Көптеген әзірлеушілер чат-боттар түрінде әр-түрлі қосымшалар және сервистердің аналогтарын жасай бастады, олармен өзара іс-қимыл чат режимінде алдын ала белгілі бір командалар көмегімен жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні EgovKzBot2.0 (https://t.me/Kenes1414Bot)– электрондық үкімет порталының боты арқылы келесі қызметтер мен сервистерді алу қол жетімді:
Ботпен жұмыс істеуді бастау үшін eGov.kz-те тіркелген болып және порталдың профиліне өзінің телефон нөмірін байлау қажет. Телефонды тіркеу және байлау қатаң түрде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жүзеге асырылады, және де егер сізде ол жоқ болса, онда «Порталда алғашқы рет» бөлімінде ЭЦҚ-ны алу рәсімі туралы ақпаратпен танысып алыңыз.
Телефон нөмірін байлау немесе «мобильді азаматтар базасында тіркелу» (МАБ) порталда бастапқы тіркелу кезінде, сондай-ақ, eGov.kz Жеке Кабинеттегі баптау арқылы жасалады. Ол SMS-код арқылы растауды және пайдаланушының ЭЦҚ-мен қол қоюды талап етеді.
Telegram мессенджерін сіздің телефон нөміріңіз байлаулы смартфонға орнатып @Kenes1414Bot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу қажет. Ботты іске қосу үшін «Старт» командасын басу және мәзір арқылы телефон нөмірін жіберу қажет.