Тарбағатай ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы хабарлайды:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына арналған «e-Salyq Azamat» ақысыз мобильді қосымшасын іске қосты.
Бұл мобильді қосымшада жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындауға арналған әртүрлі қызметтер бар, мысалы:
· активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) жалпы деларацияның бөлігі ретінде ұсынуға;
· салықтарды банк бөлімшелеріне бармай және комиссиясыз төлеуге;
· салық берешегін тексеру;
· артық төленген салықтарды есепке жатқызу;
· мүлікке, жерге және көлікке салықты тексеру және есептеу;
· салық обьектілерін қарау (жылжымайтын мүлік және көлік);
· жылжымайтын мүлік және көлік туралы ақпараттарға түзетуді еңгізу жайлы тапсырыс беру;
· жұмыс берушілермен жалақының есептелуін, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдердің ұстау мөлшерін тексеру;
· мемлекеттік кіріс органдарының қызмет көрсету Орталықтарына баруын онлайн брондау.
«e-Salyq Azamat» қосымшасын «App Store» немесе «Play Market»-тен жүктеуге болады.
Толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтынан немесе «1414» нөмеріне хабарласу арқылы алуға болады.