Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫ АКИМАТ ТАРБАГАТАЙСКОГО РАЙОНА ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСТАНОВЛЕНИЕ Ақсуат ауылы _______________ № ________ село Аксуат № ________от ________________ Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Сабырбаевқа жүктелсін. 3.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Аудан әкімі А.Смайлов
Дата публикации
06 апреля 2021