Қабанбай ауылдық округінің әкімі М.Мукатовтың
2020 жылдың атқарылған жұмыстары туралы қысқаша баяндамасы
Ағымдағы жылда округтің әлеуметтік -экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі дамытуда нақты шаралар қолға алынып, жұмыстар атқарылды.
Шорға ауылына жаңадан салынған тұрғын үйлердің көшесіне 800 тонна тас құм топырақ төгіліп, тегістелді. Бұл жұмысқа жол құрылыс компаниясындағы арасындағы меморандум негізінде жасалынды. «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында Абай, Абылай хан көшелеріне 49 млн.теңгеге 3 км асфальт төселді. Қазақстан елді мекенінде скважина салынып, ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне алынып, 0.5 штаттық жұмысқа 1/бір/ адам қабылданды. Туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген азаматтарымыздың арқасында Шорға ауылында жаңа мешіт құрылысы басталып,Қазақстан ауылында жаңадан салынды. Қабанбай ауылына кіре беріс жолына «Жүрегім менің Қабанбай» атты шағын сәулет формасын 1983 жылы туып К.Төгісов атындағы орта мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына байланысты «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында ауылға тарту жасады. 1978 жылғы туған азаматтар Қабанбай баба атындағы мешітке үлкен жайнамаз кілем тарту етті.
Ауыл шаруашылығы – ауылдың өркендеп дамуының негізгі саласы. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жөнінде әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы қатарда. Ауыл халқы төрт түлік малдың қадір- қасиетін жақсы меңгерген. Мысалға: ірі қара - 10760 бас , қой – 5804 бас, ешкі- 1176 бас, жылқы- 2037 басқа жеткен. «Лизинг» бағдарламасы бойынша «Дарын» шаруа қожалығының жетекшісі Тусупов Серік МТЗ- 82.2 тракторын сатып алды. Сонымен қатар ауылшаруашылыққа қажетті қосалқы бөлшектер алынды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Дарын» шаруа қожалығы 30 бас ірі қараның аналығы алынды. «Еңілік» шаруа қожалығының жетекшісі 500 бас асыл тұқымды қой малдарын мемлекеттік бағдарлама аясында ауылда алғашқылардың бірі болып, сатып алды. «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау» арқылы мал басын өсіру үшін Абилкасимов Қанат 6 млн.теңге алса, Абилмажинов Касенбек 9 бас аналық жылқы малын әкелді.
Қабанбай ауылы бойынша 2020 жылы жеке тұлғалардан тартылған инвестиция көлемі 55,2 млн мың теңгені құрады
Ауылдық округ бойынша қыркүйек қазан айына дейін 61 отбасы өтініш беріп, оның ішінде 4 отбасы кірісі асып кетсе, 2 отбасы басқа жаққа қоныс аударды. 2020 жылы барлығы 55 отбасы атаулы әлеуметтік көмек төленді. 1-6 жасқа дейінгі әлеуметтік пакет алатын 48 отбасына 2 404 944 мың теңге төленді. Ай сайын Ақжар ауылындағы жеке кәсіпкер Қунафиянов Бақытжан арқылы ауылға әкелініп таратылды. Көптен бері шешілмей келе жатқан мәселе «Тұрғын үй» көмегі бойынша жалғыз басты қарт зейнеткер Ахылбеков Абитқанға ауыл тұрғындарының көмектесуімен және Кожахметов Кайраттың демеушілігімен жаңадан 2 бөлмелі үй салынды. Округ бойынша жалғыз басты қарттарға үнемі қамқорлық жұмыстары уақытылы жүргізіліп тұрады.