Құмкөл ауылдық округінің әкімі Т.Көнекбаевтың 2020 жылы атқарған жұмысы туралы тезисі.
Жылдағы дәстүр бойынша еліміздің Президентінің 2016 жылғы №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беруі тиіс деп белгіленген. Биылғы жылғы есеп беру дәстүрі әлемде болып жатқан пандемияға байланысты онлайн форматында қауіпсіздікті сақтау үшін өтуде.
Жалпы ауылдық округ үшін 2020 жыл өзіндік жақсылығымен, қиындығымен өтті. Әлемде короновирус ауруына байланысты жарияланған пандемия бойынша біздің округте жалпы саны 22 адам сырқаттанды. Оның ішінде 14 адам айрықша белгісі бар симптоммен, 5 адам белгісі жоқ жеңіл түрімен, 8 пневмония белгісі бар адамдар сырқаттанды. Осы сырқаттардан өлім жағдайы болған жоқ. Жалпы округ бойынша санитарлық-эпидемиялогиялық жағдайды сақтау мәселесінде округтегі ауыл халқына, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тәртіпке бағынып, заңды құрметтегені үшін рахмет айтамыз. Ауылдағы мобильдік топтар үнемі түсінік жұмыстарын жүргізіп, заң талабы бұзылған 1 шағын кәсіпкерлік субъектісіне айыппұл, 27 ауыл тұрғындарына маскалық режимді сақтау туралы ескертулер берілді.
Пандемия кезіндегі шектеу шараларының әсері округтің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына өте көп әсері болмады. Бұл ауыл халқының, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының береке-бірлігімен, еңбекқорлығының арқасында екені анық. Атап айтсақ мал басының 120 пайызға өсуі, алынған грант 5 адам, несиелердің 80 млн теңге болуы, 9 алыс жайылымдарда қазылған құдық, 13 алыс қыстауылқтарға құрылған күн сәулесі шамдары, 7 салынған үй-қоражай, 3 дана алынған тракторлармен 4 қосалқы құрал-жабдықтар және ауыл тұрғындары ішінде су жаңа 2 дана Джип автокөлігі, 7 дана су жаңа автокөліктерден көрініс табады.
Сонымен бірге мал басы болғаннан кейін оның жем шөбін, азығын тауып беруде үлкен мәселе. Осыған орай округтегі диқаншылар аудан халқын жылма-жыл көкөніспен және жоңышқа егуде үлкен шаруа тындырды. Биылғы жылыда осы үдерісті арттыруға жоспар жасалынып, тағы қосымша 380-400 га суармалы жерлерді конкурстан өткізу арқылы іске қосқалы отыр.
Ауылдық округ төртінші деңгейлі бюджетіне өткендіктен төрт түрлі салық түрлері алынды. Жалпы болжам тапсырма 3235,000 теңге болса орындалғаны 4742,000 теңге болды. Шағын кәсіпкерлік саласында ауылға аса қажетті болып отырған дәріхана, газаблок кірпіштерін құятын цех, дөңгелек жөндеу орыны ашылды. Жалпы округ бойынша 282,4 млн теңгенің инвстициясы тартылды. Осы уақыт аралығында округ халқының, атап айтқанда ауыл үлкендері ауданымыздың құрметті азаматтары төсбелгісінің иегерлері: Т.Тілеуов, С.Қайырбеков, Е.Тоқтабаев, Еңбек ардагерлері: Е.Төлегетаев, М.Базарханов, А.Қисықов, С.Жағыппаров, М.Телібаев, Е.Сейтқасымов, Ф.Сағымбаева, А.Оспанова, М.Қоңыров, Т.Бакишевалар, кәсіпкерлеріміз С.Мұқышев, Қ.Рахымбаев, Р.Сыдықова, Б.Джуманов, М.Пулатов, А.Егенов, Ұ.Кенжебаев, ағайынды Рамазановтар, Қ.Садуанов, Т.Кітатов, жас кәсіпкерлеріміз Р.Тәңірбердіұлы, Н.Рамазанов, Т.Ұшқынов және басқа да ауыл жастарының береке-бірлігі, ауызбіршілігі үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете білуі арқылы округтегі биылғы жұмыстар жүйелі түрде атқарылды.