Қызыл кесік ауылдық округінің 2020 жылдық қортындысы бойынша әлеуметтік экономикалық дамуы туралы

Хабарлама

         Қызыл кесік ауылдық округі бойынша елді мекенде 01.01.2021 жылға 2304 адам тұрады. Оның ішінде:

І. Қызыл кесік ауылы – 1477 адам, 332 отбасы.

ІІ. Егіндібұлақ ауылында – 74 адам, 23 отбасы.

ІІІ. Үштөбе ауылында – 759 адам, 166 отбасы тұрады.

Қызыл кесік ауылдық округіне қарасты барлық жер көлемі – 267000 га. Оның 252282 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер.

Ауылдық округтегі техника саны трактор – 52, жеңіл автокөлік – 186, жүк машинасы – 80.

Ауылдық округте 2 – орта мектеп, 2 – балабақша, 1 – мәдениет үйі,        1 – клуб үйі, 2 – кітапхана, 2 – дәргерлік амбулатория қызмет көрсетеді.

Би Боранбай атындағы орта мектебі бойынша 353 оқушы білім алуда.           18 жоғарғы санатта, 20 (І) – санатта, 10 (ІІ) – санатта, 54 ұстаздар білім беруде. Жоғарлатылған бағдарлама бойынша курстан өткен ұстаздар         саны – 50. Деңгейлік санаттан өткен ұстаздар саны – 50.  27 оқушы Бірыңғай Ұлттық тестілеуге қатысқан. 5 пән бойынша қатысқан оқушылар саны 24. Ортақ баллы – 71 пайыз. Шығармашылық бойынша қатысқан оқушылар    саны – 3. Ортақ баллы – 24 пайыз.

Өкпеті орта мектебі бойынша оқушы саны – 193 оқушы. 13 – жоғарғы санатта, 3 (І) – санатта, 8 (ІІ) – санаттабарлығы 35 ұстаз сабақ береді. Деңгейлік курстан өткен  ұстаздар саны – 1. Жоғартылған бағдарлама бойынша санаттан өткен ұстаздар саны – 8. ҰБТ-ға қатысқан оқушылар     саны – 14. 12 – оқушы оқу орындарына түскен. Ортақ баллы – 85 пайыз.

 

                                   Медицина саласы

Ауылдық округ бойынша 2 дәргерлік амбулатория жұмыс жасайды. Онда 2 дәргер, орта буынжы 12 медицина қызметкері жұмыс істейді. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. 2020 жылда 13 адам қайтыс болып, 26 бала дүниеге келген.  Онкологиялық аурулармен және туберкулезбен тіркеуге алынған адамдар болған жоқ. 156 адам жүрек қантамыр ауырулармен тіркеуге алынған.

Жыл ішінде 18 адам короновирус инфекциясымен, 17 адам короновирус белгісі бар пневмониямен ауырды. Барлық ауырған адамдар толығымен емделіп шықты. Короновирусты таратпау мақсатында құрамында 5 адам бар мобильдік топ құрылып, жұмыс жасауда.

Елімізде карантин жарияланған уақытта ауылдың батыс кіреберісіне пост ұйымдастырылып, дәрігерлер, әкімшілік қызметкерлері, мектеп,  балабақша ұжымдары, волонтерлар, ауыл халқы болып, екі ай күндіз- түні жұмыс жасады.

Шағын кәсіпкерлік саласы.

Қызыл кесік ауылдық округі бойынша 17 сауда дүкені, 3 кафе,                    3 тойхана, 1 АЗС, 1дәріхана, 1 пима басу цехы, 4 наубайхана, 2 дөңгелек жөндеу цехы, 1 шаштараз, 1 жиһаз жасайтын цех, 1 фото-видео салоны бар.    4 сауда дүкені уақытша бос тұр. 12 азық-түлік сататын сауда дүкендерімен меморандумға отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағадан асырылмауы басты назарда болды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту                    2017 – 2021 жылға арналған бағдарламасы Бастау бизнес» жобасы аясында 2020 жылы 3 адам оқу оқып, әрқайсы 55 5000 – ның грантын алып, жұмыс жасауда.

Ветеринария саласы.

  2020 жылы 9800 бас ірі қарадан 24500 бас қой мен ешкіден қан алып, сарып ауыруына оң таңба берген 231 бас анықталып, толығымен жойылды.

Былтырғы 2020 жылы 267 бас оң таңба берген болатын, яғни  36 басқа кеміді. Салыстырма түрінде айтсақ, жылдан жылға бруцеллез ауыруына шалдыққан малдар саны кемуде.

Жыл ішінде шектеу шаралары қойылған шаруа қожалықтары болған жоқ.  Округте Бруцеллез ауруының алдын алу және жоюдың кешенді Іс – шаралар жоспары жасалып, жұмыстар атқарылуда.

Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік сала төмендегідей топтарға бөлінген:

  • Зейнеткерлер 254 адам, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алшылар ( мүгедектер, асыраушысынан айырылғандар, әлеуметтік жәрдем ақы) 85 адам
  • Жаңа туған баланы күтуге төленетін жәрдем ақы алушылар «1 жасқа дейінгі) 241 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға келетін болсақ, округ бойынша көп балалы отбасылар  - - - - оотбасыны құрап отыр. 2020 жылы көмектің осы түріне 75 отбасы қамтылды. Округ бойынша 5 әлеуметтік қызметкер,              1 ассистент жұмыс істейді. Олар 18 жастан асқан психо – неврологиялық аурумен ауыратын 11 адамға, жалғыз басты 4 қарт адамға, 18 – ге толмаған     8 – мүгедек балаларға қызмет көрсетеді.

                          

                               Ауыл шаруашылығы.

01.01.2021 жылға ауылдық округтегі бар ауыл шаруашлығы малдарының саны төмендегідей болды:

- 13353 бас ірі қара, аналығы – 6438 бас

- 28684 бас қой ешкі, аналығы – 17195 бас

- 2858 бас жылқы, аналығы – 1240 бас

- 1580 бас құс, аналығы 1000 бас

01.01.2021 жылға округ бойынша 124 шаруа қожалығы, 4 ЖШС – гі тіркелген. Осы шаруа қожалықтарына 14608 га жер бекітіліп берілген, ірі қара малының 55 пайызы (7304 бас), Қой – ешкінің 54,5 пайыз (15 638), жылқының 43,6(пайыз) осы шаруа қожалықтарына тиесілі болып отыр.

Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесін алған 4 қой өсіретін шаруа қожалығы бар. Округте 395 бас асыл тұқымды ірі қара (қазақтың ақбас сиыры тұқымы), 6587 бас асыл тұқымды қой малы (қазақ қылшық жүнді құйрықты қой тұқымы) бар. Биылғы жылы осы 6587 басты қолдан ұрықтандыруға жетістік.

Мал тұқымын түрлендіру бағдарламасына  43 ірі қара өсіретін шаруа қожалығы, 13 қой өсіретін шаруа қожалығы қатысады.

Округте мал бордақылайтын 40 алаң бар. «АгроКредитной корпорациясы» арқылы 3 шаруа қожалығы 42,5 млн. теңге несие алып, 50 бас ірі қара, 760 бас қой сатып алынып, өсірілуде.

«Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры арқылы» 2-і жеке кәсіпкер 7,6 млн несие алып, 26 бас ірі қара малын сатып алуға жетісті.

«Жайылыдықтарды суландыру бағдарламасымен» округ территориясына 28 құдық қазылып, барлығы «Қолдау» қоры арқылы қаржыландырылды. Күн энергиясы панелін 5 шаруа қожалығы алды. Агролизингке бір МТЗ – 892, 3 КУН жалпы суммасы 11 млн. 340 мыңның техникалары алынды.

Қызыл кесік ауылдық округі бойынша 4 деңгейлі бюджетке 2020 жылы тускен түсімдер жөніндегі ақпарат.

Салықтар түсімдер бойынша 2020 жылға 4227 мың теңге жоспарланса, 4336,1 мың теңгеге 102,6 пайызға орындалды.

Атап айтсақ:

Мүлік салығы жоспар318 мың теңге, орындалғаны 279,8 мың теңге                 88 пайызға, Жер салығы жоспар 355 мың теңге орындалғаны 292,2 мың теңге 82,3ге, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық  жоспар 3163 мың теңге орындалғаны 3087,3 мың теңге 97,6 пайызға, төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан  ұсталатын жеке табыс салығы жоспар 391 мың теңге, орындалғаны 417,6 мың теңге 106,8 пайызды құрайды.

 

Қорғаныс саласы

Қорғаныс саласы бойынша 2020 жылы көктемгі және күзгі әскер қатарына шақырылған азаматтар саны – 70, әскер қатарына кеткен азаматтар 7-еу.

Қылмыс

Қызыл кесік ауылдық округінде жыл бойы 3 қылмыс оқиғасы тіркелген. Екеуі ашылған.

2020 жылға атқарылған жұмыстар

 

2020 жылы қаңтар айының  1- і күні Қызыл кесік ауылына орталық су жүйесінен жеке үйлерге су беру басталып,  25- ші қаңтарда ауылдағы барлық 360 үйге су берілді.

Елді мекеннің бірі Егіндібұлақ ауылына скважина қазылып, блок модульді су тазарту станциясы орнатылып, ауылдағы 7 үйге су кіргізілді.

Ауылдық округ елді мекендері 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды.

Ауылда әкімшілік кеңсе ішінен «Электронды қызмет көрсету» орталығы ашылып, бүгінгі күні жұмыс істеп тұр.

Көптен шешілмей келе жатқан проблемалардың бірі ауылдағы Мәдениет үйінің шатыры мен жылу жүйесі болатын, осы мәселе 2020 жылы шешімі табылып, шатырланып, жылу жүйесі іске қосылды.

Боғас өзеніне «Шал қажы» мөлтек ауданы тұрғындарының өтініштері ескеріліп, жаяу жүргіншілер өткелі салынып, пайдалануға берілді.

Шал қажы мөлтек ауданына баратын жолдың 450 метрі 14 көше шамы қойылды. Әкімшілік кеңсесіне ақылды қазандық қойылып, бүгінгі күні жұмыс істеп тұр.

Қызыл кесік ауылының шығысындағы Қубас зираттар қорымы қоршалды.

Орталық Сайдахмет Смайылов көшесіне құм төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Үштөбе ауылының 2 көшесі тегістеліп, Үштөбе Қызыл кесік жолына тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Есепті уақытта Үштөбе елді мекеніне қарасты «Еркетай» бала бақшасына 9 млн.-ға күрделі жөндеу жүргізілді.

«Өкпеті» орта мектебінің жылу қазандықтары және су сорғылары толығымен 6 млн. теңгеге айырбасталды.

Қызыл кесік және Үштөбе ауылдарының қатты қалдықтар төгетін полигонына жер белгіленіп, құжаттары жасалуда. Үштөбе ауылындағы жылдар бойы бей-берекет төгілген 500 тонна қатты қалдықтарды тазалап, тиісті жерге тасымалданды.

 

2021 жылы атқарылатын жұмыстар тізбесі

         Қызыл кесік ауылындағы  С. Смаилов көшесіне ұзындығы 1 700 метр тротуар төселіп, тақтатас төсеу.

         Шал қажы мөлтек ауданына  электр трансформатор қойылып, электр желісіне күрделі жөндеу жүргізу.

         Боғас өзеніне салынған жаяу жүргіншілер көпірінің кіреберіс және шығаберіс жолдарын жасау.

         Үштөбе ауылының негізгі көшесінің 950 метрін жарықтандыру.

         Ауыл ішіне абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.

Дата публикации
20 января 2021