2026 жыл 08 қазандағы № 25
Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №6 «Тарбағатай аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 9-бабының 3-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» қаулысының негізінде Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тарбағатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №6 «Тарбағатай аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы Тарбағатай аудандық мәслихатына жіберілсін.
3. Осы қаулы Тарбағатай аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ж. Ашмуханова
Хатшы З. Таханова
2026 жылғы 08 қазандағы № 25 қаулысына
қосымша
Сайлау комиссиясының
2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 6 қаулысына
қосымша
Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша
бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары
№ 1 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы, Буланбаев көшесі, №3, Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жаңаауыл мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралар: Ахметбұлақ, Жаңаталап, Жаңаауыл, Сарыөлең ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 897, № 898, № 899, № 900
№ 2 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесі, №20, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Бозша, Маңырақ, Жаңалық ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 901, № 902, № 903.
№ 3 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Байжігіт көшесі, № 65, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Ақжар ауылының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 905, № 953.
№ 4 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, №17, Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ғимараты.
Шекаралар: Ақжар ауылының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 906, №1196.
№ 5 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Қабанбай көшесі, № 29, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Ақжар ауылының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 907.
№ 6 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы, Билялов көшесі, № 1. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Жетіарал мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралар: Жетіарал, Асусай, Қамысты, Жанғызтал, Жамбыл ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 908 , № 909, № 910, № 911, № 914.
№ 7 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, Торайғыров көшесі 16/1, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қасым Қайсенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Құйған, Жалаңаш, Шолақорда, Қарасу ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 912, № 913, № 915, № 916.
№ 8 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылы, Қабанбай көшесі 1. Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Қабанбай клуб үйінің ғимараты.
Шекаралар: Ақмектеп, Қарой, Тәуке, Қабанбай, Шорға ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 917, № 918, № 919, № 920, № 923.
№ 9 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесі, № 7,
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
Шекаралар: Тұғыл, Байтоғас ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 924, № 927.
№ 10 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесі, № 12, Тарбағатай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қарасты Тұғыл мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралар: Шеңгелді, Қазақстан, Тұғыл ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 921, № 922, № 925.
№ 11 сайлау округі
Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы, Алтынсарин көшесі №23, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты
Шекаралар: Тұғыл , Жаңатілеу ауылдарының аумағы.
Сайлау учаскелері кіреді: № 926, № 904