«Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы» Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қарашадағы № 20/9-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

 

  1. «Тарбағатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс

істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын және мөлшерін бекіту туралы»Тарбағатай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 қарашадағы   № 20/9-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9104-16 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін

аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Тарбағатай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
08 октября 2026