Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 шілдедегі №350-VIII Заңына сәйкес «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8-тармағына өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, ауылдық елді мекенге жұмыс істеуге келген мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары маманның ауылдық елді мекенге келген (тіркелген) күнінен бастап үш жыл ішінде ғана ұсынылады. Үш жылдық мерзім аяқталғаннан кейін әлеуметтік қолдау шараларын алу құқығы жойылады.
Осыған байланысты «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит алуға өтініш білдіретін мамандардың ауылдық елді мекенге келген (тіркелген) күнінен бастап үш жылдық мерзімі аяқталмаған болуы қажет.
Әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы сұранысқа ие мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне белгіленген тәртіппен ұсынылады.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөліміне хабарласуға болады.
«Нормативтік құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 шілдедегі №350-VIII Заңы»