«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР Заңының 8-бабының 5-тармағына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Текешовтың бекіткен 2026 жылғы 25 ақпандағы кестеге сәйкес кезеңде, «Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) және ведомствоға бағынышты ұйымдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СЖТІТ) жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі- талдау) 2026 жылғы шілде айы кезеңі қамтылды.
СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметтеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Ауданның жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТІТ жүргізу кезінде мыналар пайдаланылды.
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы бекіткен 2021 жылғы 7 сәуірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі- Әдістемелік ұсынымдар);
-ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары.
СЖТІТ 2026 жылдың 01 шілдеден 31 шілде айы аралығында өткізілді.
Тарбағатай ауданы әкімінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 71- Ө санды өкіміне сәйкес, жұмыс тобының мүшелері болып Аппарат басшысы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының статист заңгері, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау кеңсе, ақпараттық технологиялар мен мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы , аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы және хатшы айқындалды.
-Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі;
-Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі;
-Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі;
-Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі;
-Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
-Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрлыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі;
-Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты;
-Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылдық округі әкімінің аппараты;
-«Тарбағатай аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-«Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны;
-«Тарбағатай ауданының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорыны талдау нысандары болып анықталды.
Аппарат бөлімдері өз қызметін Шығыс Қазақстан облысы Тарбарғатай ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 10 ақпандағы № 41 қаулысымен бекітілген «Тарбағатай ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне, сондай-ақ «Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
СЖТІТ жүргізу барысында 5 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.
№ 1 тәуекел. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша, келесі индикаторлар бойынша:
- Мелекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын сақталмауы;
Тарбағатай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрлыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі (бұдан әрі - бөлім) мен «PIP Engineering Group» ЖШС арасында Шолақорда ауылындағы тартылатын су құбыры желілерін салу бойынша 612,7 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаған.
Көрсетілген шарт ерекше тәртіпті қолдана отырып өткізілген конкурс қортындылары негізінде жасалған.
Алайда, жобалау-сметалық құжаттамада мемлекеттік құпияларға жатқызылатын мәліметтердің болмауына қарамастан, мемлекеттік сатып алу ерекше тәртіппен жүзеге асырылған, бұл заңнама талаптарына қайшы келеді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 671 бұйрығымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 15- тармағының 4) тармақшасының талаптарын бұза отырып бөлім мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің тізімін қалыптастыру туралы хабарландыру орналастырылмаған.
Нәтижесінде, тапсырыс беруші тарапынан жекелеген өнім берушіге негізсіз артықшылық берілген.
Ұсыныс: Жасалған шартты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келтіруді, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
№ 2 тәуекел. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша, келесі индикатор бойынша:
- Міндеттерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік қағидаларын бұзу.
Тарбағатай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжар» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында аға бухгалтері Әнуарбек Әсет Асылбекұлы өзінің қызметтік жағдайын, кәсіпорынның онлайн-банкингіне, банк карточкасына және қаржы құжаттарына қолжетімділікті пайдалана отырып, 02.04.2024 жылдан бастап 30.01.2026 жылға дейінгі кезеңде кәсіпорынның сеніп тапсырылған ақшалай қаражатын карточкалық шотына есеп айырысу шотынан аудару жолымен жүйелі түрде ұрлағанын анықтады, банкоматтар арқылы қолма-қол ақшамен.
Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 68 576 694 теңгені құрады, бұл Қазақстан Республикасы ҚК — нің 189-бабының 2-тармағының 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамын құрайды-адамның өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жасаған сеніп тапсырылған бөтен мүлкін аса ірі мөлшерде ысырап ету.
Сонымен, келесілер анықталды:
Ұсыныс: 1.барлық электрондық кілттерді, ЭЦҚ, банк карталарын және онлайн-банкингке қолжетімділікті бұғаттау және ауыстыру; 2. құжаттық негіздемесіз корпоративтік карточкалық шоттарды пайдалануға тыйым салу; 3. ақша қаражаттарының қозғалысын күнделікті мониторингтеу, тоқсан сайынғы ішкі тексерулер және кассалық тәртіпті кенеттен тексеру жүргізу; 4. сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару және комплаенс-бақылау жүйесін енгізу; 5. басшылар мен бухгалтерлік қызметкерлерді бухгалтерлік есеп, Қаржылық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарына оқытуды ұйымдастыру.
№ 3 тәуекел. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша, келесі индикаторлар:
және жүргізудің қағидаларын сақталмауы;
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабының 24-тармағының және 2024 жылғы 29 наурыздағы № 27 ойын кешенін (балалар ойын алаңын) жеткізу туралы шарттың 7.3- тармағының талаптарын бұза отырып, сомасы 1 719.984 мың теңге болатын жабдықтарды жеткізу бойынша Жеткізушінің тауарларды жеткізу мерзімдерін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші орындалмаған міндеттемелер сомасының әрбәр кешіктірілген 0,1 процент мөлшерінде есептелген 6,879 мың тенге көлеміндегі тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағы 3)тармақшасының талаптарын бұза отырып, мекеме жеткізушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгіну бойынша шара қабылдамаған.
Ұсыныс: анықталған бұзушылықтарды жою оларды жіберген тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша нұсқама енгізу, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген әкімшілік іс жүргізуді қозғау.
№ 4 тәуекел. Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша, келесі индикатор бойынша:
- Міндеттерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік қағидаларын бұзу
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді орындау және үйлестіру кезінде, яғни түпкілікті шешім қабылдау кезінде сол бөлім басшысы ақпараттық жүйеге электрондық цифрлық қолтаңба қоса берілген кілтпен кіріп, шешімді өзі көріп, қол қоюы қажет. Кейбір жағдайларда орындаушы мамандар бірінші басшының электрондық цифрлық қолтаңбасын енгізіп, шешім қабылдайды немесе келіседі.
Ұсыныс: Құқықтық оқыту жүйесінде Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңын қосымша оқып үйрену сабағын өткізу.
№ 5 тәуекел. Комиссия отырысын ұйымдастыру және өткізу бойынша, келесі индикаторлар:
- Міндеттерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін дербес жауапкершілік қағидаларын бұзу
Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі Тарбағатай ауданы әкімдігінің Жер комиссиясы туралы үлгі ережені сақтамауы салдарынан, комиссияның функциялары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы хаттаманың күші жойылды.
Ұсыныс: Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру және жетілдіру мақсатында жауапты тұлғалармен Қазақстан Республикасы заңнамаларын зерделеу бойынша техникалық оқу өткізу қажет, оның ішінде «Жер комиссиясы туралы улгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 359 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43, 43-1 бабын және өзгеде нормативтік құқықтық актілер.