Ауылшарушылықтың негізгі көрсеткіштері туралы
2026 жылдың қаңтар- мамыр айларында Тарбағатай ауданында шығарылған жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерімен (қызметтерінің) көлемі - 4084,6 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,6 % болды.
Есепті кезеңде өндірілген ауылшаруашылық өнімі: ет-2119,1 тонна, сүт-4254,8 тонна, 36,4
мың дана жұмыртқа өндірілген.
Барлық санаттардағы ауылшаруашылық мал басының саны: Мүйізді ірі қара мал- 124772 бас, қой-ешкі-165652 бас, жылқы-30485 бас, түйе-30 бас, құс-2254 басты құрады.
.
.
Әдіснамалық түсініктемелер
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру – ауыл шаруашылығы малдарын пайдалану нәтижесінде дайын өнімдерді және шикізатты өндіру (сүт, жұмыртқа, жүн, тері және т.б.), мал және құстың барлық түрлерін шаруашылықта сою немесе союға өткізу, ара шаруашылығы және терісі бағалы аң шаруашылығы өнімі.