Жер қатынастарын реттеу, жер реформасын жүргізу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды. Иесi жоқ жер учаскелерiн анықтау және оларды есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Ауданның жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн беру және
олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын, жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және
барлауға байланысты мақсаттары үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын, мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiнде ұсыныстардыдайындайды. Жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындайды. Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын, жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн
қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiтеді. Жердi аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерiн ұтымды пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды, елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзiрлеуді, жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргiзудi ұйымдастырады. Жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiне қатысты қалалық, аудандық
бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектiлерiнiң есебiн жүргiзеді. Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын береді. Жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған
шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жер Кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi, ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру, жердi резервке қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындайды. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін және әкімшілік рәсімдерді сақталуын қадағалайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.