Білім туралы заңдылықтардың орындалуына бақылау жасайды. Білім мекемелерінде ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылайды. Мұғалімдер мен оқушылар арасында аудандық шараларды ұйымдастырады. Жасөспірімдер арасында қараусыз қалуды, заң бұзушылықты болдырмаудың алдын алу шараларын жүргізеді. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады. Білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуіне қатысуын ұйымдастырады. Білім саласы қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу, әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін жетілдіруде ұсыныстар жасайды. Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдауды жүргізеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өңірлік есепке қоюды ұйымдастырады. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар ресімдеуді жүргізеді. Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың қорғаншы (қамқоршыларына) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде куәлік береді. Кәмелетке толмаған балаларға тиесілі тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшін нотариалды кеңсеге қорғаншы және қамқоршы органының шешімін береді. Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін қорғаншы және қамқоршы органының шешімін береді. Кәмелетке толмағандарға тиесілі тұрғын үйді банкке несие ресімдеу үшін кепілге қоюға қорғаншы және қамқоршы органының рұқсат шешімін береді. Тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншы және қамқоршы органының шешімін береді. Кәмелетке толмағанды асырап алып, тәрбиелеуге тілек білдірген отбасылардан өтініштер қабылдауды жүргізіп, аудандық сотқа қорғаншы және қамқоршы органының рұқсат шешімін береді. Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтамалар береді. Білім мекемелерін лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда)іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарында оқу бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Жалпы білім беретін мектептерге, мектепке дейінгі, мектептен тыс балалар мекемелеріне бақылау жасап, оқу-тәрбие және әдістемелік көмек көрсетеді. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.