Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың іс –шара жоспарына сай, 2017 жылы ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, шаруашылықтарын кеңейтіп, мүліктерін жаңартуға және сауда орындарын жасақтауға қажетті де қолайлы жағдайлар жасалды.
Аудан бойынша 2830 жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде: 83 заңды тұлғалар, 837 жеке кәсіпкерлер, 1910 шаруа қожалықтары. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 101,7 % артты.
Ауданда 366 сауда дүкені, 51 қоғамдық тамақтандыру орындары (асхана, дәмхана, тойхана), 81 қызмет көрсету орындары, 17 жанар- жағар май құю станциясы, 16 дәріхана, 36 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетіп отыр.
2017 жылдың қорытындысы бойынша 1564,1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (1442,5 млн. теңге) өнім өңдіру 126,5 % артты.
Статистикалық мәліметке сай, 2018 жылдың 01 қаңтарына тіркелген кәсіпкерлік саласындағы шағын бизнес субъектілерінің саны – 102, оның ішінде: жұмыс істейтіні – 81. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін кәсіпорындары 152,8 % артты.
Негізгі капиталға, оның ішінде жеке қаражат есебінен 2624,5 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, тиісті кезеңде 2258,5 млн. теңге болып, 109,3 % артты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ауданнан 3 жоба енгізілді.
Манырақ ауылындағы «Қоныс» шаруа қожалығының 600 басқа арналған мал бордақылау және сою алаңы негізінде 29,4 млн. теңгенің несиесі субсидияландырылса, Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкерлер Қ.Қожахметов пен А.Мұқышеваның жалпы ауданы 800 м2 2 қабатты «Қонақ үй мен тойхана» ғимаратына құрал жабдықтар сатып алуға құны 14,0 млн. теңгенің жобасы жасалып, Семей қаласындағы «Халықтық Банк» арқылы қолдау тауып, 2015 жылдың 13 қараша күні Аймақтық Координациялық Кеңес мәжілісінде қаралып, жобаның пайыздық мөлшері субсидияландырумен кепілдендіруге жатқызылды.
Ақжар ауылдық округіне қарасты «Қоныс» шаруа қожалығының иегері Б.Құнафиянов жаңа бизнесті қолдау мақсатында «Форте Банк» АҚ-нан «Мал бордақылау алаңының құрылысы» жобасы бойынша қайта қаржыландыруға жатқызылып, 17 млн. 857 мың 047 теңгеге 19 пайызды несие алуға рұқсат алып, банкі тарапынан 2016 жылдың 29 шілдесінде Координациялық Кеңеске 19 пайызды несиенің 10 пайызын «Даму» АҚ арқылы субсидияландыруға ұсыныс жасалды. 2016 жылдың 19 тамыз күні облыстық Координациялық Кеңестің мәжілісі өткізіліп, жоба мақұлданды.
Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкер Қализада Олжас Нұрланұлы, «Ақ бота бала бақшасына негізгі құралдар сатып алуға және абаттандыру бойынша» жалпы сомасы 7,0 млн. теңгеге арналған бизнес-жоспары «Еуразиялық банкінен» 2017 жылдың 10 ақпаны күні мақұлданып, Аймақаралық Координациялық Кеңес мәжілісінде аталған жобаны қаралып, «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша пайыздық мөлшерін субсидияландыру мен кепілдендіруге жатқызылды.
Өндеуші өнеркәсіпті қолдау мақсатында «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкер Б.Мерекеұлы «Жол тас және газ блокты кірпіш шығаратын цехты ұлғайту» бойынша 9,5 млн. теңгенің жеңілдік пайызды несиесін алды.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының облыстың индустрияландыру картасына ауданнан 1 жоба енгізілді.
«ПМК Құрылыс» ЖШС. «Бентонит саз балшығын өндіру және бентонит саз балшығын өндейтін сауыт салу». Зауыт салу мерзімі 2017-2021 жылдар. Қаржыландыру мөлшері 603,0 млн. теңге. Зауыт салу жұмысы кезінде 70 адам, зауыт толықтай іске қосылғанда 35 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Өндеу өнеркәсібінде кәсіптік бағыты бар жұмысшылар қамтылады.
Кәсіпкерлікті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі аудандық жұмыс тобының мәжілісі 12 мәрте өткізілді.
Мәжілісте кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілерді болдырмау және мемлекеттік стандартта көрсетілген мерзімде қызмет көрсетуі бойынша ауданның жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің, мемлекеттік кіріс, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармалары басшыларының атқарған жұмыстары тыңдалды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандырып, 2017 жылдың аяғына дейін сауда қосымшасын 10 % асырмау жөнінде аудандағы атқарушы органдармен сауда дүкендерінің иелері арасында екі жақты 202 меморандум жасалып, орындалуы қадағаланды.
Бекітілген кестеге сәйкес, Ақсуат, Ақжар және Тұғыл ауылдарында әр сенбі сайын ауылдық округтердегі кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауар өңдірушілерінің қатысуымен әр аптаның сенбі күнгі жәрмеңкелер тұрақты өткізілді. Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары аудандағы сауда дүкендері мен сауда базарларындағы негізгі бағадан 10-15% төмен бағада саудаланды. Жыл бойында ауданда 23 рет жәрмеңке өткізіліп, 175,8 млн. теңгенің азық-түлік өнімдері саудаланды.