«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін…) ала алатын орын «Құқық кабинеті» – әрбір азаматқа қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) алуға мүмкіндік беретін орын.
«2024–2026 жылдарға арналған құқықтық ағарту жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен бекітілген жоспар аясында, «Маңырақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ғимаратында «Құқық кабинеті» жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00–ден 17:30-ға дейін.
Кабинет компьютермен (принтер, интернет) жабдықталған, «Әділет» ақпараттық-құқықтық базасына және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысуға арналған «Заң» деректер қорына қолжетімділігі бар. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасауға арналған ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) кіруге мүмкіндік қарастырылған.
Қасиетті рамазан айында жеті күннің қожасы жұма күні 05.04.2024 жылы ораза ұстап, ауыз бекіткен ауыл тұрғындарына Маңырақ ауылы жастарының ұйымдастыруымен "Тау самалы"тойханасына ақ дастархан жайылып, ауыз ашар берілді. Осы шараға өз үлестерін қосып, сауапты іс атқарған ауыл жастарына үлкен рахметімді айтамын. Жасаған ізгі амалдарыңыз сауаптан болсын. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын.
Бүгін - көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.Маңырақ ауылында Абай көшесінің ұйымдастырыуымен "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні" Наурыз мейрамы тойланып өтті. Мекемелер А. Байтұрсынов, әкімшілік және Абай көшелері киіз үй тігіп көже беріліп қазақтың ұлттық ойындары арқан тарту, гір тасын көтеру, 10-13 жас арасында лақ көтеріп, садақ ату жарыстары ойнатылып ақшалай жүлде қорлары берілді, "Жалғас" бала бақшасы бес тас ойынын ойнатып жеңімпаздарға 50 мың теңге жүлде қорын берді. Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Ұлыс оң болсын, ақ бол болсын!
Ұлттық киім - ұлттың сәні. "Наурызнаманың" 5-ші күні Ұлттық киім күніне арналады. Осыған байланысты Маңырақ ауылының Абай және Бобылтаев көшелеріңің тұрғындары ұлттық костюмдер киіп мерекелік шеру жүріп өзүлестерін қосты.
Шығыс Қазақстан облыстық "Алтай" телеарнасының таңғы эфирінде, жас айтыскер ақын Маңырақ ауылдық округіне қарасты Бозша ауылының "Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешені КММ-нің 11-сынып оқушысы Ермекұлы Әли Республикалық "Дара дарын" орталығының төрағасы Рауан Қайдармен бірге сұхбат беріп, жырдан өрнек өрді.
🪄Республикалық "Дара дарын" орталығының төрағасы Рауан Қайдар Әлиге ерекше домбыра сыйға тартты .
Тарбағатай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8- наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізілген "Арулар асыл жандар" байқауына А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіміздің "Төрт ана "тобы қатысып, 18-мектептің ішінен бас жүлдені жеңіп алған мектептің ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!! Еңбектеріңіз жана берсін, бұданда биіктерден көріне беріңіздер.
Бар қуаныш, жақсылық,
Саған қарай беттесін!- дей келе 8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай 80- жастан асқан ақ жаулықты апаларымызды Маңырақ ауылдық округінің әкімі А.Қожахметов құттықтап сый сияпат ұсынды.
Тарбағатай ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ және Маңырақ ауылдық округінің ұйымдастыруымен "Алғыс айту" күніне орай аудан әкімінің кубогі үшін "Жастар QUIZ" болып өтті. Зияткерлік ойынға аудан бойынша ауыл - ауылдан 16 команда келіп қатысты.Облыстық маслихат депутаты Болат Жұмабекұлы, Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Марат Нигметоллаұлы және Тарбағатай ауданының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ермек Толеуханұлы құттықтау тілектерін арнап ойыншыларғабелсенділік сәттілік тіледі. Аудан жастары белсенділік танытып, ойынның қызықты әрі тартымды өтуіне үлестерін қосты.
Ойын қорытындысы бойынша:
I орынды "Құтқарушылар "
ІІ орынды "Хорошо Қарасу "
ІІІ орынды "Қандысу жастары"
VII орынды "Ақ пен бірге" командалары иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.