Құйған ауылында Құйған ауылдық округіне қарасты Құйған, Жамбыл, Жалаңаш ауылдарының тұрғындары Амал мерекесі Көрісу күнін атап өтті. Қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл игі шара ауыл тұрғындарын бірлігін арттырып, ұлттық дәстүріміз дәріптеуге үлкен үлес қосты. Құйған ауылында Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында ұлттық ойындар күні ерекше көңіл-күймен аталып өтті.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен жастар ұлттық ойындарға белсене қатысып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді. Көңілді жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өз бақтарын сынады.
Ұлттық ойындар – халқымыздың бай мұрасы мен рухани құндылығы. Осындай шаралар арқылы біз ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа үлгі етеміз.
«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін…) ала алатын орын.
«Құқық кабинеті» – әрбір азаматқа қажетті құқықтық ақпаратты (тегін заң көмегін) алуға мүмкіндік беретін орын.
«2024–2026 жылдарға арналған құқықтық ағарту жұмыстары жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 899 бұйрығымен бекітілген жоспар аясында, «Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» ғимаратында «Құқық кабинеті» жұмыс істейді.
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00–ден 17:30-ға дейін.
Кабинет компьютермен (принтер, интернет) жабдықталған, «Әділет» ақпараттық-құқықтық базасына және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысуға арналған «Заң» деректер қорына қолжетімділігі бар. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл жасауға арналған ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) кіруге мүмкіндік қарастырылған.
Құйған ауылдық округінің әкімі Дайранов Бекбол Бақытбекұлы қоғамдастық мүшелері мен ақсақалдар алқасының алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттер мен жобаларды таныстырды.
Есеп беру барысында ауылдық округте әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылған жұмыстар, инфрақұрылымды жақсарту, жол жөндеу, көше жарығын орнату, абаттандыру және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар кеңінен қамтылды.
Сонымен қатар, округ әкімі алдағы уақытта жүзеге асырылатын жоспарларға тоқталып, ауылішілік жолдарды кезең-кезеңімен жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру, қоғамдық тәртіпті нығайту, жастарды қолдау және әлеуметтік нысандардың жағдайын жақсарту басты назарда болатынын атап өтті.
Кездесу соңында ақсақалдар алқасының мүшелері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ауылдың дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді ортаға салды. Округ әкімі көтерілген ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
28.11.2025 жылы еліміздің елордасы Астана қаласында Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің қатысуымен "Ауыл әкімдерінің диалог платформасы" атты маңызды форумы өтті.Форумға әр елді мекеннің әкімдері қатысып, өздеріне қажетті мағлұматтар алып, жүйелі жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде тапсырмалар алды.Сонымен қатар еліміздің дамуы үшін бірге және нақты жұмыс атқару керектігін Елбасымыз өз сөзінде айтып өтті.
Құйған ауылында " Таза Қазақстан" акциясы аясында кең көлемді тазалық жұмыстары өтті. Таза ауыл - таза болашақ!
Тазалыққа бірге ат салысайық!
25 қазан күні Құйған ауылында Қазақстан Республика күніне арналған "Республика - ерікті ел Қазақстан" атты салтанатты жиын өтті. Іс - шара барысында ауыл әкімі Дайранов Бекбол ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Мереке аясында ел дамуына қосқан үлестері мен белсенді еңбектері үшін бірқатар азаматтар марапатталды. Кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, би қойылымдары орындалып, көрермендер көтеріңкі көңіл күйде отырды.
Құйған ауылына кіре берісте қоқыс алаңын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құйған ауылдық округінде көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Құйған ауылдық округінің Құйған, Жамбыл және Жалааңаш ауылдарында шие, қарағаш және шырша көшеттері отырғызылды. Атап айтқанда: Құйған ауылында - 20 түп шие, Жамбыл ауылында - 10 түп қарағаш көшеттері егілді. іс - шараға ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. барлық қатысушыларға ризашылық білдіреміз. Жұмыс барысында шай мен бәліш таратылды.
Құйған ауылдық округінің әкімі Дайранов Бекбол Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ санитарлық тазалықты сақтау, иттерді байлап ұстау және ауылдың көркін келтіру мәселелері талқыланды. Осы бағытта ауыл әкімі мен учаскелік полицейлер тұрғындармен бірлесіп түсіндіру және ескерту жұмыстарын жүргізді.
«Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік көмек көрсетілді
Құйған ауылдық округі әкімдігінің ұжымымының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы аясында округке қарасты елді мекендердегі аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда, Жамбыл ауылынан 2 оқушыға және Жалаңаш ауылынан 1 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен оқу дәптерлері, сондай-ақ спорттық киім табысталды.
Бұл игі шара жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың мектепке дайындалуына көмектесіп, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға үлкен көмек болды.