Конституция күні

Конституция күні

Құйған ауылында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға арнайы келген Тарбағатай аудандық Мансап орталығының басшысы Ербол Жанибеков ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында еңбегімен ел дамуына үлес қосқан ауыл азаматтары марапатталып, олардың үлгілі еңбегі көпшілікке үлгі ретінде атап өтілді.