Құйған ауылдық округі Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік - шығысында орналасқан.Оңтүстігінде Қытай Халық Республикасы, шығысында Жетіарал ауылдық округімен, солтүстігінде Қарасу ауылдық округімен, батысында Ойшілік ауылдық округімен шектеседі. Округке үш елді мекен қарайды (Жамбыл, Жалаңаш, Құйған) Округтің территориясы 1230 шаршы щақырым, жер көлемі 104901 га, оның ішінде егістік жер 3589 га, шабындық 1207 га, жайылымдық жер 99319 га. Округте 366 аула, 1328 халық бар. Оның ішінде: Құйған ауылында 238 отбасы, 923 адам бар. Жалаңаш ауылында 37 отбасы, 176 халық бар, Жамбыл ауылында 91 отбасы, 229 адам тұрады. Әлеуметтік салада Құйған ауылында 1 орта мектеп, Жастар орталығы. 1- кітапхана, 5 сауда дүкені.1- мешіт, 1- қатымхана,1 емхана, 1 наубайхана бар. Жамбыл ауылында 1 мектеп бала бақша кешені, 1 мешіт, 1 фельшерлік пункт бар. Жалаңаш ауылында 1 мектеп бар.