GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Әкім аппараты
Құжаттар
Қызметі
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
Бюджет
30 января 2026
«Құқықтық кабинет».

Қазақстан  Республикасы  Әділет министірлігінің  13.12.2023  жылғы № 899  бұйрығына  сәйкес, 2024-2026  жылдарға   арналған  құқықтық  түсіндіру  жұмыстары бойынша  іс-шаралар   жоспарын  орындау   мақсатында  Қабанбай   ауылдық  округі әкімдігінің  ғимаратында  «Құқықтық  кабинет» ашылды.

Тел. 87234424490

akimat.2015@mail.ru

31 января 2025
Тәуке ауылында жаңа мектеп ашылды.

Тарбағатай ауданы, Қабанбай ауылдық округіне қарасты Тәуке ауылында су жаңа мектептің лентасы қиылды.
Қалың жұрт жиылып, ата-ана сүйсінді.
Аудан басшысы Жоргекбаев Дархан Шомпайұлының тапсырмасы негізінде қолға алынған бұл құрылыстың тағаны тез құйылып, қабырғасы жылдам бой көтерді.
Мамыр айында  алғашқы қазығы қағылған мектеп құрылысы қараша айында толықтай аяқталды.
Аталған білім ордасы 1969 жылы салынған ғимарат өзінің қаншама түлектерімен мақтанады. Бүгінде салынған мектеп құрылысы жаңа заман талабына сай жабдықталып әр кабинет өз ерекшелігіне қарай жасалған. Мектептің ашылу салтанатына Облыстық білім басқармасының басшысы Чернышёва Инесса Александровна және Тарбағатай ауданы әкімі Жөргекбаев Дархан Шомпайұлы, жан-жақтан келген мектеп түлектері, қадірлі қонақтар ауыл адамдары арнайы келіп ақ жарма тілектерін арнап,шашу шашып бүгінгі қуанышты арнайы құттықтап келді.

 

15 сентября 2024
ДӘРІГЕРЛЕР ҚАТАРЫ ЖАС МАМАНМЕН ТОЛЫҚТЫ

Жылдар бойы өзекті болып келген кадр тапшылығы мәселесі шешімін табуда. Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округінің емханасы жас дәрігермен толықты.
Серікова Қырмызы
01.10.2004 жылы Акжар ауылының тумасы.
2020 жылы "Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі" КММ-де 9 сыныпты аяқтаған.
Семей қаласы "Қалматаев атындағы колледжіне түсіп" , "Емдеу ісі" мамандығын тәмамдады.
Жас маманға алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуда зор үлес қосады деген сенім білдіреміз.

15 сентября 2024
«Салауатты өмір салты» эстафеталық спорттық ойын сайысы өтті.

«Салауатты өмір салтын ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр»
Денсаулық-баға жетпейтін байлық  адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет. Бүгінгі өткен «Салауатты өмір салты» атты эстафеталық сайыста жан - жақты тәрбиемен сусындатып салауатты өмір салтын баулуда қолдан қамқорлықты аямай өзінің мол тәжірибиесімен, іскерлігімен ұжымымызды көңілді өткізуге ат салысқан дене шынықтыру пән мұғалімі Мұсаханов Алмасқа алғысымды білдіремін.
Бүгінгі эстафеталық жарысымызға қатысқан топтар
1. «Денсаулық» тобы
2. «Тазалық» тобы
Ойынға қатысқан топтар кезектесіп таныстырды.
(Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады)
1. «Денсаулық» тобы.
Ұраны: Басты байлық денсаулық, бабам айтқан даналық 2. «Тазалық» тобы.
Ұраны: Салауаттық сергекте,таза жүру
2 кезең. «Кім жүйрік» сайысы.
Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секірді.
3 . кезең. «Кенгуру» сайысы.
Шарты: Белгіленген жерге дейін отырып кедергілер арқылы жүріп барып, қайтарда секіртпемен қос аяқтап секіріп келді
4- кезең Арқан тарту спорттық ойыны ұйымдастырылды.
Мәңгілік елдің тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиелеудегі отбасының рөлі қашанда жоғары. Ендеше салауатты өмір салтын ұстанатын, ұлттық құндылықтары мен ұлттық дәстүрін сақтаған бүгінгі сайысқа қатысушы командаларға үлкен алғыс айтамыз. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.
Қабанбай ауылдық округінің әкімі Малгаждаров Сәкен Әнуарбекұлы алғыс хатпен және кубокпен өз алғысын жеткізді.

05 марта 2024
"Кәсібіне қарай - нәсібі"

Адал табысын тауып,халық игілігі жолында  сүбелі үлес қосып келе жатқан ауылымыздың наубаййханасы. Адилова Бибігүл "Ауыл аманаты" бағдарламасы жобасы аясында несие алып, наубайханасын жандандырып кәсібін дөнгелетуде.Наубайханада 8 адам екі ауысыммен жұмыс жасайды. Сұраныста аз емес. Қабанбай ауылдық нан өнімдерін  дүкендерге таратуда. "Кәсібіне қарай - нәсібі" демекші ауылымызда кәсіп көзін тауып, шағын бизнесін дөңгелетіп отырғандар саны күннен күнге артып келеді. Адилова Бибігүл Қабанба аулдық округі тұрғындарын  он жеті жыл бойы нан және нан өнімдерімен  қамтамасыз етіп отыр.Шағын кәсіпті сәтті жүргізу үшін күнделікті тынбай еңбектену қажет.Бұған қоса, үнемі ізденіс үстінде жүріп білім алып, кәсіби денгейін арттыруға ұмтылмаса барлығы зая кетеді.Бастысы "Адамды көркейтетін  - еңбек" дегенді естен шығарған емеспін.Аянбай еңбек етіп келемін.Тұрмысым да берекелі. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын кәсіпкерге, ауыл тұрғындары да ризашылығын білдіруде. Иә, көп еңбек еткенге бақытта баснын иеді.

https://www.facebook.com/share/gMJCqexbQ3jNuarK/?mibextid=oFDknk

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы