Ақжар ауылының орталық көшелері қардан тазартылды.
Бүгін Ақжар ауылдық округіне қарасты Жаңалық ауылының “Барғана” тоғанының осал жерлерін көктемгі су тасқыны алдын алу мақсатында бекітіп, көпірлерді тазалау жұмыстары атқарылды.
Ақжар ауылында 2023 жылы орнатылған көше жарықшамдарының істен шыққандарын мердігер өз есебінен ауыстыру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта Торайғыров, Сайханов және Дәулетбай көшесінің аяғындағы жарықшамдар ауысты. Алдағы уақытта істен шыққан барлық жарықшамдар жөнделіп, ауысатын болады.