ШҚО су айдындарына мыңдаған сирек кездесетін балықтар жіберілді

ШҚО су айдындарына мыңдаған сирек кездесетін балықтар жіберілді

Мемлекеттік бюджет есебінен Қара Ертіс өзеніне екі жылдық сібір бекіресінің төрт мың дарақтары жіберілді. Осы су айдынынын нақты таңдап алу себебі, қызыл кітапқа енгізілген балықтың табиғи мекен ету орны болғандықтан, бұл жерді ол бағзы заманнан мекендеген. Бұл іс-шара, бірінші кезекте, Қара Ертісте бекіре популяциясының тұрақты экожүйесін құру және су әлемінің экожүйесін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл шара неғұрлым құнды балық түрлерімен балықтандыруға ауысудағы белестердің бірі болып саналады.