Балықтарды құтқару

Балықтарды құтқару

2020 жылғы 15 қыркүйекте  Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» КММ және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Алтай филиалының қызметкерлерімен Глубокое ауданы Ушаново ауылында орналасқан  су тоғанында балықтарды құтқару бойынша бірлескен іс-шаралар өткізілді.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 2000 дана мөнке тұқымды балық ауланып Үлбі өзеніне жіберілді.

Балықтарды құтқару бойынша жұмыстар жалғасуда.