«Дүниежүзілік тазалалық күні»  дүниежүзілік экологиялық акциясын (world cleanup day) өткізу туралы

«Дүниежүзілік тазалалық күні»  дүниежүзілік экологиялық акциясын (world cleanup day) өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2020 жылғы 19 қыркүйекте «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен жыл сайынғы «Дүниежүзілік тазалық күні» (World cleanup day) Дүниежүзілік экологиялық акциясы өткізілетінін хабарлайды.

Дүниежүзілік тазалық күні (World cleanup day) - бұл қатты тұрмыстық қалдықтардың жаһандық проблемасымен күресуге бағытталған жыл сайынғы жаһандық әлеуметтік іс-қимыл бағдарламасы.

Акцияның мақсаты «World Cleanup day 2020» республикалық қоқыс жинау акциясын өткізу үшін Қазақстан Республикасының халқын біріктіру болып табылады. Тек бірге ғана біз еліміздің әрбір өңірін жинақталған қалдықтардан тазалай аламыз, сондай-ақ адамдардың қоршаған ортаның тазалығын сақтауға деген көзқарасын өзгерте аламыз және қоқысты одан әрі өңдеу үшін бөлек жинауды жаппай енгізуге серпін бере аламыз.

Бұл күні әлемнің түкпір - түкпірінен келген еріктілер мен серіктестер біздің планетамызды қоқыстардан арылту үшін - жағажайларымыздағы, өзендердегі, ормандар мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды жою үшін жиналады.

Дүниежүзілік тазалық күні әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдардың күштерін біріктіріп, керемет нәтижелерге қол жеткізу үшін пайдаланады. Оның артықшылығы – ынтымақтастық  пен өзара әрекеттесу: қоғамның барлық топтары,  қауымдастықтар арасында көпір салу.

Пандемияға салдарынан  қалыптасқан жағдайға байланысты бұл акция барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілетін болады.

Біздің аймақтың барлық бей-жай қарамайтын азаматтарын қатысуға шақырамыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8 (775)326-23-14 телефонына хабарласуға болады.