Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 - тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ормандарда ауа райы жағдайлары бойынша жоғары өрт қауіптілігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 12351 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес анықталады.».
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Е. Көшербаев
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының басшысы
_____________________ К. Мейрембеков
2024 жылғы «_____» _____________