Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
«Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Малоубинка ауылының батысына қарай электрмен жабдықтау желісін жобалауға арналған жер учаскесі тұстамасындағы Козловка өзенінің (оң жағалау) және Секисовка өзенінің (сол жағалау) су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасын әзірлегенін хабарлаймыз.
Сіздерді жоғарыда аталған жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. НҚА жобасының мәтініне келесі сілтеме арқылы өтуіңіз қажет:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4649645