
2002 жылдың 20 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының 57-інші Бас ассамблеясының сессиясы өтіп, 23 маусым БҰҰ-ның Мемлекеттік қызметкерлер күні деп бекітілді. Сонымен қатар, БҰҰ мүше мемлекеттерді дәл осы күнді Мемлекеттік қызметкерлер күні деп тануға шақырған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №716 Жарлығына сәйкес, 23 маусым– Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілген.
Осы айтулы күнді мерекелеудің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен қажеттілігін халыққа жеткізу, мемлекеттік сектордың басқару әлеуетін күшейту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған 25 жылға жуық уақыт ішінде Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен мемлекетті қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды. Елбасымыз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі ұзақ қалыптасу жолынан өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздігінің құрылуы мен нығаюына қосылған елеулі үлестермен және оның тарихымен толыққанды мақтануға құқылымыз.
Басқарма бойынша лауазымдық міндеттерін адал атқарып жүрген қызметшілерге басқармаға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарымен 3 мемлекеттік қызметшіге (Г.Қ. Жұмағұловаға, Т.П. Сметанинаға, А.Н. Есентаевқа) Алғыс хат, басқарма басшысының атынан 7 мемлекеттік қызметшіге (Д. И. Асылхановқа, Е. О. Месяцеваға, Л.М Каниеваға., А.А. Сапановқа, М.К. Қабдырғалиевке, А. К. Сартықпаеваға, Ж. Б. Нарымбаеваға) мадақтама және 1 мемлекеттік қызметшіге (Б.К. Жаманбаевқа) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасымен Алғыс хат берілді.
Сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ «Издательский дом «Регион» ЖШС) мемлекеттік қызметші туралы мақала жарияланып, басқарманың ресми интернет-ресурсына орналастырылды.