
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының аумағында барлау жүргізіп, кейіннен құм-қиыршықтас қоспасын өндіру үшін «ВЕРФ-строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Ново-Явленка ауылы ауданындағы Ертіс өзені мен ағысына су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулы жобасын әзірлегенін хабарлаймыз.
Сіздерді жоғарыда аталған жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. НҚА жобасының мәтініне келесі сілтеме арқылы өтуіңіз қажет: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4323626