23 маусым мемлекеттік қызметші күні болып жарияланды

23 маусым мемлекеттік қызметші күні болып жарияланды

2013 жылғы 23 желтоқсанда Президенттің «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес елімізде 23 маусым мемлекеттік қызметші күні болып жарияланды.

Шығыс қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында 21.01.1966 жылы туған, Шығыс қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген Жұмағұлова Гүлжан Қадылжанқызы өз қызметін жүзеге асыруда. Жоғары білімді. 2004 жылы Орталық Азия университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Тұрмыста, үш бала тәрбиелеп отыр.

Өзінің еңбек жолын 2005 жылдың сәуір айынан бастап «Өскемен қаласы Меновной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы ретінде бастады.

2013 жылдың шілде айынан бастап «Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ бас маманы, Өскемен қаласы, «Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ әкімшілік секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2014 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының кадр жұмысы жөніндегі әкімшілік бөлімінің бас маманы болып табылады.

Өз қызметі кезеңінде өзін адал қызметкер ретінде көрсетті. Үлкен кәсіби білімі бар, көптеген мәселелер бойынша толық кеңес бере алады. Ұжымда үлкен және лайықты беделге, барлық қызметкерлердің құрметіне ие. Жоғары кәсібилік пен терең құзыреттілігі, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және таңдалған іске деген сүйіспеншілігі басқарма жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыруына көмектеседі.

Кадр мәселелері бойынша жұмыстың тиімділігі мәселелері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тұрақты негізде барлық қажетті шараларды қабылдайды, бұл барлық Басқарманың қызметіне оң әсер етеді. Сонымен қатар, жас мамандар үшін үлгі болып табылады.

Өзінің адал және жауапты қызметтік міндеттерімен, басқарма ұжымындағы жоғары этикалық мінез - құлқымен, моральдық-адамгершілік қасиеттерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосуда, жас мемлекеттік қызметшілерге еліктеуге үлгі боларлық тұлға.