
Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуға байланысты (ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 14 қаулысы) және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның түсіндірмелерін басшылыққа ала отырып келесіні хабарлаймыз.
Карантиннің әрекет ету кезеңінде ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар бейнеконференциябайланыс (БКБ) арқылы өткізілетін болады.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру бойынша барлық ақпараттар, жоспарланған тыңдаулар туралы хабарландырулар «Қоғамдық тыңдаулар» айдарында орналастырылған.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты сұрақтар бойынша 8 (7232) 25-72-06, 8-777-852-92-03 телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.