
Бүгін Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына танысу миссиясымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 3 курс экология студенттері келді. Болашақ экологтар экология саласындағы басқарудың негізгі бағыттары мен міндеттерімен танысты. Студенттер эко волонтерлікке үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ олар өндірістік тәжірибеден өтуге ниет білдірді, Басқарма жас экологтарға құптау білдірді.