Шығыс Қазақстанда температураның күрт төмендеуі күтілуде

Шығыс Қазақстанда температураның күрт төмендеуі күтілуде

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 17 ақпанда түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.

ШҚО ТЖД мынаны ұсынады:
- елді мекендерден шықпаңыз
- жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз
-қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз,
- егерде далаға шығу қажет болған жағдайда, жылы және қалың киініңіз. Автокөлікті күтіп ұзақ тұрмаңыз.
- пештерді жиі жағыңыз, бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын. Шектен тыс қыздырмаңыз.
- тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз электр жылытқыштарының өрт жағдайына назар аударыңыз.
-ТЖ кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.