
Дауылды ескерту
"Қазгидромет" деректері бойынша 09 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қ. түнде бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
ШҚО ТЖД азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:
- Желдің екпіні кезінде жарнама қалқандардың, автобус аялдамаларының, ағаштардың, электр желілерінің, металл қоршаулардың артына тығылмаңыз. Автокөлікті ағаштардың, жарнама құрылымдардың, электр желілерінің астына тұраққа қоймаңыз.
- Жаяу жүргіншілерге көшелер мен жолдарды кесіп өту кезінде өте мұқият болу керек және жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдау керек. Көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау керек.
- Ауа райы мен жолдардағы жағдайлар туралы
ақпаратты "Дармен" мобильді қосымшасында нақтылауға болады.
- Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз