Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы есеп

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы есеп

Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы II санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жыл сайынғы есептерді (бұдан әрі – есептер) қабылдайды.

Еске сала кетейік, есеп Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің м. а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 "экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, сондай-ақ әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы Нұсқаулық" бұйрығымен бекітілген жаңа нысан бойынша қабылданады. (14-қосымша).

I санаттағы объектілер бойынша есептерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері қабылдайды.