
Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларында қоршаған оратаға әсер ететін неғұрлым маңызды жобалар үшін - ашық жиналыстар, сондай-ақ Бірыңғай экологиялық порталда - жария талқылаулар өткізу көзделген. Тыңдауға шығарылатын хабарламалар мен материалдарды орналастыру үшін Бірыңғай экологиялық порталда «Жарияланған қоғамдық тыңдаулар» арнайы айдары құрылған. Бұл айдарда барлық жоспраланған тыңдаулар мен танысып, сәйкесінше қызығушылық танытқан жағдайда қатысуға болады. Бастамашы қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыруларда жобаға қатысты қосымша ақпарат сұратуға мүмкіндігі бар байланыс телефон нөмірін және электрондық поштаны көрсетеді.
Шығыс Қазақстан облысының «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» ресми интернет ресурсында «Қызмет бағыты» бөлімінде «Қоғамдық тыңдаулар» айдарында материалдармен танысып шығуға мүмкіндік бар. Тыңдауларға қатысқан кезде қатысушылар жеке куәлік құжатын көрсете отырып, тіркеу парағында тіркелуі тиіс, өйткені қоғамдық тыңдауларда қатысушының қойған барлық сұрақтары, ескертулері мен ұсыныстары хаттамаға оның барлық деректері көрсетіле отырып енгізіледі.