
Облыстың орман қорының жалпы ауданы 2,9 млн га, оның ішінде 1,6 млн га орман алқаптары. Облыс әкімдігіне 0арасты жер көлемі 2,1 млн га, оның 1,2 млн га ормандармен жабылған.
Облыста орман шаруашылығының 13 коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Комитетке қарасты 3 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар.
Негізгі міндеттері ормандарды өрттен және өз бетінше кесуден қорғау, орманды қалпына келтіру және орманды қорғау шаралары болып табылады.
Комитеттің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы өрт қаупі маусымы 5 сәуірден бастап 6 қарашаға дейін белгіленді.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 478,4 га болатын 51 өрт тіркелді, оның ішінде 138,1 га орманмен жабылған.
Өрттің негізгі себебі-найзағай және қолайсыз ауа-райы (қалыптасқан құрғақ ыстық ауа-райы).
Барлық орман мекемелерінде және басқармада демалыс және мереке күндері кезекшілік ұйымдастырылды.
Ормандарды өрттен қорғауды және оларды табуды мемлекеттік орман күзетінің жерүсті күштері орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің саны 1077 адам жүргізді.
Дайындықта 160 бірлік өртке қарсы техника және 3000 нан астам өртке қарсы құрал-жабдықтар бар (РЛО, мотопомпалар, шынжырлы аралар, қаққыштар және т. б.).
Орман қорында авиатасымалдауды «Қазавиаорманқорғау» Шығыс буыны жүзеге асырады 4 бірлік ұшу техникасы МИ-2 - 2 бірлік, МИ-8 - 1 бірлік, АН- 2- 1 бірлік атқарды.
Шығыс Қазақстан облысының орман және дала аймағындағы ықтимал өрттерден халықты, аумақтарды және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау мақсатында
«Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы орман және дала өрттері алдын алу және жою жөніндегі іс-қимыл жоспары», орман және дала өрттерін жою уақтылы ескерту, анықтау бойынша іс-қимыл алгоритмін анықтайды.
Халықты ормандардағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс күшейтілді. Ұйымдар мен оқу орындарында семинарлар, әңгімелер мен дәрістер өткізу, парақшалар тарату, газеттерде, журналдарда және интернет-ресурстарда мақалалар жарияланды.
Анықтама: ағымдағы жылы орман өрттерінің алдын алу мақсатында: ұзындығы 74 км минералданған жолақтарды орнату, ұзындығы 819 км минералданған жолақтарды күту, орман жолдарын салу 44 км, орман жолдарын жөндеу240 км, сондай-ақ 338 аншлаг, 35 тікұшақ алаңдарын орнату, 475 а/ш нұсқамалары берілді, өртке қарсы тақырыпта 2819 парақшалар таратылды, газеттерде, журналдарда-62 мақалалар жарияланды, радиода-7 сөз сөйленді.
Өрттін алдын алу жұмыстары өрт қауіпті кезең ішінде толығымен орындалды.
Сондай-ақ, соңғы 6 жылда облыстық бюджеттен 1 млрд. 960 млн. теңге орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінді.
Барлығы 14 бірлік өрт сөндіру машинасы сатып алынды, 32 бірлік трактор (оның ішінде 18 бірлік шынжыр табанды, 14 бірлік доңғалақты), 40 бірлік шағын өрт кешені, 16 бірлік патрульдік машина және өзге де өртке қарсы жабдықтар сатып алынды.
Сонымен қатар 2023 жылы облыс әкімдігіне ведомстволық бағынысты коммуналдық мекеме базасында 20 адамнан тұратын қосымша өртке қарсы қызмет құрылды (2022 жылы қызметті құруға 169 млн. теңге бөлінді). Қызметті жарақтандыруда 2 бірлік – шағын орман патрульдік кешен, 1 бірлік – вахталық автомобиль КАМАЗ базасында бар, 2 бірлік – УАЗ Хантер және өртке қарсы мүкәммал (аспалы орман өрт сөндіргіштері (РЛО), киілетін радиостанциялар, нысанды киім-кешектер, ұйықтайтын қаптар және т.б.).
Орман шаруашылық ардагері - Сыдықова Қ.С.
КММ «Күршім орман шаруашылығы»